{metadescription}
ШҚО-да жолаушылар автобусы өртенді

ШҚО-да жолаушылар автобусы өртенді

Риддер-Өскемен тас жолында жолаушы толы автобус отқа оранды.

16 сәуір күні Риддер-Өскемен тас жолында 25 жолаушысы бар автобус қызыл жалынға оранды. Көліктің жанып жатқан сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, барлық жолаушылар автобустан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Черемшанки ауылына 30 шақырым жерде болған оқыс оқиға. Барлық 25 жолаушы діттеген жерлеріне жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен жетіпті. Қазір таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Бұған дейін, Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып өлтірді. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде