{metadescription}
ШҚО тұрғыны түйнемеге ұқсас белгілермен ауруханаға түсті

ШҚО тұрғыны түйнемеге ұқсас белгілермен ауруханаға түсті

Катонқарағай ауданына қарасты Кіші Нарын ауылының тұрғыны сібір жарасы (түйнеме) дертіне ұқсас белгілермен ауруханаға түсті.

Бұл ауылда былтыр да бір адам аталмыш індеттен қайтыс болған. Өткен жылы ауру малдан індет жұқтырған Кіші Нарын ауылының тұрғыны облыс орталығында көз жұмған болатын. Кешенді тексеру  барысында індет ошағы 1972 жылы көмілген қорымнан шыққаны анықталған. Аудан халқын түйнемеге ұқсас дерттің тағы да сол ауылдан шығуы алаңдатып отыр. Ресми орындар әзірге індет ошағы туралы нақты ақпарат берген жоқ. Ал індет жұқтырды делінген науқастың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

«60 жастағы тұрғын қазір Катонқарағай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Қазіргі диагнозы - білезіктегі жұқпалы жара. Науқас малмен қатынаста болғандықтан, сібір жарасын анықтау үшін сынамалар алынып, аса қауіпті аурулар зертханасына жіберілді. Науқасты емдеу жолдарын пысықтау үшін облыс орталығынан инфекция және эпидемиология мамандары жіберілді. Дәрігерлердің консилиумы бойынша «Сібір жарасының терідегі формасы» деген алдын ала диагноз қойылып отыр.  Дегенмен, тереңдетілген зерттеулер жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша толық ақпарат беріледі» - делінген облыстық денсаулық сақтау департаментінің ресми ақпаратында.

Науқастың үйіндегі өзге 3 адам әзірге денсаулықтарына шағым айтпаған. Олар да дәрігерлер бақылауына алынған, деп жазады ҚазАқпарат. Жауапты органдар ауыл ішінде ешбір малдың аурудан өлмегенін, мәжбүрлі сою тіркелмегенін айтып отыр. Қазір оқиға орнына тиісті мамандар жетіп, сібір жарасының алдын алу бойынша  халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде