{metadescription}
Назарбаев тағы бір жоғары лауазымға ие болуы мүмкін

Назарбаев тағы бір жоғары лауазымға ие болуы мүмкін

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақта құрметті лауазымға ие болуы мүмкін.

29 мамырда өтетін, одақтың бес жылдығына арналған ЕАЭО саммитінде Назарбаев оның құрметті төрағасы болып тағайындалуы мүмкін, деп жазады ресейлік "Коммерсант" газеті. Одақты құру идеясы Назарбаевқа тиесілі болғандықтан, елбасыға осы атақты беру ұйғарылған. 

Қазір одақта ондай лауазым жоқ, сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақ өкілеттіктерінің аясы әлі анықталған жоқ. Белгілісі, ол басқаны айтпағанда ЕАЭО-ның сыртқы ойыншылар алдындағы өкілі болады.

Еуразиялық экономикалық одақ саммиті Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында мамырдың соңында өтеді. Оған ЕАЭО-ға мүше елдердің (Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан) президенттері қатысып, одақтың бес жыл ішіндегі жұмысын талқылайды.

"Әзірше оның одақты басқа елдерге таныстыратыны белгілі. Ал оның құзіреті одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері алдымен 29 сәуірде талқылайды, кейін 30 сәуірде мемлекет басшылары талқылайды. Ақырғы шешім 29 мамырда мерейтой жиынында қабылданады", - делінген газетте. 

Айта кетейік 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 9 маусымда өтеді.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде