{metadescription}
Ақтауда қызды көліктен лақтырып жіберген жігіт елдің ашуын туғызды

Ақтауда қызды көліктен лақтырып жіберген жігіт елдің ашуын туғызды

Ақтауда кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адам тұрғындардың ашуын туғызды.

Оқиға қаланың 17-ші шағын ауданындағы "Айрақты" тұрғын үй кешенінің маңында болған. Куәгер болған жайтты ұялы телефонының камерасына түсірген. Видеодан ер адамның кішкентай қыз баласын көліктен сүйреп шығарып, жерге лақтырып жібергенін көруге болады. Бүлдіршін жерге құлап түсіп, тәлтіректеп орнынан тұрады да, басқа көлікке қарай жүгіре жөнеледі.

Басылым Маңғыстау облысы полиция департаментінен осы жайтқа қатысты ресми түсініктеме беруді сұрады. Қазіргі таңда полицейлер жігітті іздеп жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде