{metadescription}
Нотр-Дамдағы жойқын өрттің тағы бір себебі анықталды

Нотр-Дамдағы жойқын өрттің тағы бір себебі анықталды

Францияның сот полициясы Париждегі Құдай ана шіркеуіндегі алапат өрттің себебін айтты. 

Париждегі Құдай ана ғибадатханасындағы жойқын өрттің себебі қысқаша тұйықталу болуы мүмкін. Тергеушілер шіркеуді тексеруді бастап, бірақ қауіпсіздік ережесіне байланысты әлі толыққанды зерттеуге кіріспеген. Олардың айтуынша, өрт кездейсоқ шыққан болса керек, яғни электр желісіндегі қысқаша тұйықталу себеп болуы мүмкін. Дегенмен полиция собор қызметкерлері мен ғибадатхананы жөндеп жатқан мамандардан жауап алып жатыр.

Сот полициясы өкілінің сөзіне сүйенсек, қабырғаның осал бөліктері қирап қалмауы үшін, ғимарат ағаш тақтайлармен бекітіліпті. Бұдан бұрын хабарланғандай, бірнеше ай бұрын басталған қайта жөндеу жұмыстары жойқын өртке түрткі болуы мүмкін. Тарихи ғимараттың айналасына биіктігі 100 метр құрылыс ағаштары орнатылған. Париж прокуроры Реми Эйтцтің айтуынша, Нотр-Дам де Париге әдейі өрт қойылды деген пайымдауға еш негіз жоқ.

Собор 15 сәуір күні кешкісін жана басталды. Тілсіз жау шатырдың басым бөлігі мен сүмбіні жойып жіберген. Өрт келесі күні таңертең сөндірілді: өрт сөндірушілер түні бойы жалынмен күрескен. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдегендей, соборды қалпына келтіруге бес жыл уақыт кетеді.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде