{metadescription}
Нанды аяқпен басып, сарқыт жинағандар елдің ашуына тиді

Нанды аяқпен басып, сарқыт жинағандар елдің ашуына тиді

Әлеуметтік желіде дастарханға шығып, аяқпен нанды басқан жігіттердің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын туғызды.

Дастарқанды басып, сарқыт жинаған жігіттердің әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Екі жігіт сарқыт жинау үшін нан мен бауырсақ тұрған дастарқанға аяқпен шығып кеткенін көруге болады. Осылайша олар үстелдің қарсы бетіндегі тәттілерді де пакетке салып алған. Бұл кезде қалған қонақтар шек-сілесі қатып күліп жатса, әйел адам пакет таратып жүреді.

Желі қолданушылары жігіттердің бұл әрекетін айыптап, ұнамсыз пікір қалдырып жатыр. Facebook қолданушыларының жазуынша, бұл жағдай Қырғызстанда болған. Олар қалыңдықтың үйінде қыз ұзату тойы болып жатқанын, дастархан басында отырғандар күйеу жігіттің достары екенін жеткізді.

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде