{metadescription}
Қарағанды облысында жолдар жабылды

Қарағанды облысында жолдар жабылды

Қалық қар жауып, боран соғып, көктайғақ пайда болуына байланысты 19 сәуір күні таңертеңгі 10:40-тан бастап Қарағанды облысының барлық бағыттарында көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қарағанды облысында ауа-райы 18 сәуір күні күрт өзгерді. Күн райының кенеттен өзгеруінен пайда болған көктайғақтың салдарынан облыс орталығында бұл күні 26 жол-көлік апаты орын алған. 

Коммуналдық қызметтерге көшелерді тазалауға қысқы техниканы шығаруға тура келді. Осылайша, Қазыбек би атындағы ауданда қаланың басты жол қиылыстары, көшелері мен аялдамаларының алдында 32 тонна тұз аралас құм себілді, ал Октябрь ауданында 54 текше метр балласт себілді. Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні Қарағанды жолдарын тазалауға арнайы тракторлар шығарылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.