{metadescription}
Семей тұрғыны лотереядан 21 миллион теңге ұтып алды

Семей тұрғыны лотереядан 21 миллион теңге ұтып алды

Семей тұрғыны SuperBingo ұтыс ойынынан 21 миллион теңге ұтып алды.

– Өзім осындай ойындардан 3-4 мың теңге ұтып алып жүретінмін. Осы жолы да сондай ақша алсам да қайда жатыр деп ойладым. Басқа артық дүниені қиялдамай, интернет арқылы бір билет сатып алдым. Содан не керек, билет сатып алғанымды ұмытыңқырап бара жатқанымда қалателефоныма хат түсті. Мәтіні «Сіз басты жүлдені ұтып алдыңыз» деген сыңайда екен. О, Ғажап! Бірақ, әйтеу бір күні қомақты жүлде ұтатыныма сеніп едім, – дейді қуанышты сәтін еске алған 47 жастағы жолы болғыш семейлік.

Жеңімпаз алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Арман көп. Әуелі үй алсам, басқасы ретімен бола жатар деймін, – дейді ол.

SuperBingo ұтыс ойынын өткізуші компания «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның өкілі бұл ШҚО қаласының тарихындағы ең қомақты жүлде екенін айтады.

– Әдетте мегаполистердің тұрғындары жүлде алып жататын. Шағын қалалардан қатысушылар көп бола бермейді. Осыдан біраз уақыт бұрын Өскемен тұрғыны 1 миллион теңге ұтып алғаны есімде, – дейді Александр Бушин.

Әлбетте, бұған қарап «мен де қатыссам мол қаражат ұтамын» деген ойға бекіген жөн емес.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.