{metadescription}
Мұғалімді әлеуметтік желідегі пікірі үшін соттап жатыр

Мұғалімді әлеуметтік желідегі пікірі үшін соттап жатыр

Бішкектің 1-май аудандық сотында университет мұғалімі Темір Болотбек ісі бойынша сот өтіп жатыр.

Ұстазға ұлтаралық араздық туғызды деген айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, Қырғыз мемлекеттік құрылыс, техника және сәулет университетінің мұғалімі әлеуметтік желідегі пікір-таласта бірқатар қолданушыларды "совок" деп атап, оларға "рашкаға тайып тұруды" ұсынған, сол арқылы ұлт араздығын туғызған. Сот отырыстарына қатысып жүрген азаматтық белсенді Бурул Макенбаевтың айтуынша, соттың кезекті отырысында сарапшылар пікірі тыңдалады.

"Бүгін тағы бір сарапшы - Зайнидин Құрманов сөз сөйлейді. Бұған дейін сол алғандар айыпталушының сөздерінде ұлтаралық, діни немесе нәсілдік араздық белгілері жоқ екенін айтты", - деді Макенбаева.

2018 жылдың басында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті университет ұстазына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Темір Болотбек өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.