{metadescription}
Ақтөбеде жанып кеткен үйдің ішінен екі адамның денесі табылды

Ақтөбеде жанып кеткен үйдің ішінен екі адамның денесі табылды

Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылында жеке үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Өрт сөндірушілерге Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылында жер үйдің отқа оранғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына 4 көлік пен 16 адам жіберілді.

«Ең жақын өрт сөндіру бекеті 22 шақырым қашықтықта болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына арада 20 минут өткенде жетті. Ол кезде үйдің негізгі бөлігі түгел жанып кеткен болатын. Өрт 12:19-да толық сөндірілді. Үйден 1943 жылы туған Елена Саквина мен 1963 жылы туған Сергей Саквиннің денесі табылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала белгілі болғаны - өрт абайсызда тұтанған, яғни, төсекте жатып, темекі шеккеннен шыққан. Айта кетейік, оқиға орнына газ қызметі, электр желісінің жұмысшылары мен полиция, апатты медицина қызметі барды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде