{metadescription}
Дзюдошы Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанды

Дзюдошы Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанды

20 сәуірде Фуджейрада (БАӘ) дзюдодан Азия чемпионаты басталды.

Серікжанов финалда 66 келіге дейінгі салмақта Елдос Жұмақанов күресуі керек еді. Алайда Жұмақанов иық жарақатына байланысты татамиге шықпады. Осылайша Ерлан Серікжанов алтын медальға ие болған. Сонымен қатар Галбадрах Отгонцэцэг алтынға бір қадам жетпей қалған. Финалда ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық Янан Лиден жеңіліс тапты.

Аталған санаттағы тағы бір қазақстандық Ақмарал Науатбек бесінші болды. Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль Ғұсман Қырғызбаевқа бұйырды. Дзюдошымыз Шарафудин Лутфиллаевтан басым түскен. Тағы бір қола медальді 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Севара Нишанбаева иеленді.

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.