{metadescription}
Украинада президент сайлауының екінші туры басталды

Украинада президент сайлауының екінші туры басталды

Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Петр Порошенко мен сықақшы Владимир Зеленский үміткер болып отыр.

Украинаның сайлау учаскелері таңғы 8-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлау учаскелері шетелде де қызмет етеді. Украина азаматтары әлемнің 71 елінде дауыс бере алады.

Жаңа Зеландия мен Австралияда тұратын азаматтар бірінші болып кандидаттарға дауыс береді. Айта кетсек, Ресейде шетелдік сайлау учаскелері ашылған жоқ. Порошенко соңғы бес жыл Украинаның басшысы болды. Ал Владимир Зеленскийдің саясатта ешқандай тәжірибесі жоқ.

31 наурызда Украинада президент сайлауының бірінші туры өтті. Зеленский 30,24% дауыс жинап, көш бастады. Порошенко  азаматтардың 15,95% қолдауына ие болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.