{metadescription}
ШҚО-да сарбаздарды ұрып-соққан офицер сотталды

ШҚО-да сарбаздарды ұрып-соққан офицер сотталды

ШҚО-да офицер қатардағы сарбаздарды ұрып-соққаны үшін жауапқа тартылды.

Бұл туралы Өскемен гарнизонының әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдейді. Сот үкімі ҚР ҰҚК ШҚ 2017 әскери бөлімінің ғимаратында жеке құрамның қатысуымен шығарылды.  Айыпкер – аға лейтенант шеніндегі "Хабарасу" шекаралық заставасының басшысы. Оған билігін асыра қолданды деген айып тағылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Анықталғандай, ол заставаның қатардағы жеті сарбазын себепсіз тұрақты түрде ұрып-соғады. Сондай-ақ, тағы екі сарбазға да күш көрсетіп, түрлі бұйрықтарды орындатқан. Сот шешімі бойынша, айыпкер кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кеше

24 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде