{metadescription}
Бокстан Сербияда өткен халықаралық турнирде Қазақстан 6 медаль иеленді

Бокстан Сербияда өткен халықаралық турнирде Қазақстан 6 медаль иеленді

15-21 сәуір аралығында Сербияда әйелдер боксынан «Белград кубогі» халықаралық турнирі мәресіне жетіп, қазақстандық спортшылар 6 медаль иеленді. 

Турнирдің ақтық сынында жұдырықтасқан бес қазақстандық боксшы да қарсыластарына есе жіберді. 51 келідегі Жайна Шекербекова финалда түркиялық спортшыға есе жіберді.

60 келіде жұдырықтасқан Карина Ибрагимова австралиялық Скай Николсоннан, 64 келідегі Әлия Әбдірайымова украиналық Мария Бовадан ұтылды. 81 келідегі Аида Оңдаш пен аса ауыр салмақтаы Умида Садықовалар да шешуші жекпе-жекте Украина өкілдеріне есе жіберді. 

Сондай-ақ, 60 келідегі Айжан Қожабекова турнирдің қола медалін еншіледі. Еске сала кетейік, Белградтағы турнирге Қазақстан құрамасының екінші нөмірлі спортшылары аттанған болатын. 

Дереккөз: Olympic.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде