{metadescription}
БҚО-да мектеп оқушылары отырған көлік апатқа ұшырады

БҚО-да мектеп оқушылары отырған көлік апатқа ұшырады

Жаңақала ауданында жол апаты орын алып, 17 жасар қыз бала ауруханаға түсті.

Оқиға кеше кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауылы маңында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Жаңақалаға 4 шақырым жерге сағат 19.20-да жедел жәрдем шақыртылды. Жол-көлік оқиғасынан 2002 жылғы қыз бала зардап шеккен. Түнде Орал қаласынан нейрохирург, хирург, реаниматолог шақыртылған.

«Қызға ота жасалды, жағдайы өте ауыр», - деді Айнагүл Сақпосынова.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Чапаев-Сайқын жолының 121-шақырымында, Жаңақала ауылы тұсында рульге ие бола алмай, көлігі аударылып қалған.

Автокөлік рулінде Жаңақала ауылындағы №3 мектептің 11-сынып оқушысы болған. Көлікте одан басқа тағы 5 оқушы отырған. Алдын ала мәлімет бойынша немересі атасынан автокөліктің кілтін сұрап алып, сыныптастарымен бірге қызғалдақ теруге барған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.