{metadescription}
1 айда қарындағы майдан қалай арылуға болады?

1 айда қарындағы майдан қалай арылуға болады?

Диетологтар қарындағы майды тез кетірудің қағидаларын ұсынды. 

Мамандар қарындағы майды тез кетірудің жолын атады. Диетологтар қан құрамындағы қант мөлшеріне назар аударуға кеңес береді. Егер тәтті бірдеңе жегіңіз келе берсе, қант мөлшері жоғары деген сөз. Сол себепті анализ тапсырған абзал.

Сонымен қатар, жылдам көмірсулардан бас тартқан жөн. Бір ай ішінде қарындағы майды кетіру үшін, рационнан тәтті және ұн тағамдарын, ақ күріш, ұнтақ жарма, банан, жүзім, шарап, картоп және газдалған сусындарды алып тастау керек.

Диетологтар теңіз өнімдерін, қарақұмық, сұлу және ас көкті көп жеуге кеңес береді. Мінсіз мүсінге ие болу үшін тұзды да аз пайдаланған дұрыс, тіпті бір ай бойы мүлдем бас тартуға да болады. Сонда ағзадағы сұйықтық жылдам әрі жеңіл шығып кетеді. Кардио жаттығулар мен іштегі бұлшық еттерді шынықтыру көздеген мақсатқа тез жетуге септігін тигізеді.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде