{metadescription}
Қарағандыда ұшақ апатынан 2 адам көз жұмды

Қарағандыда ұшақ апатынан 2 адам көз жұмды

Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады.

Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.

«Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 «Полярис» типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша 2 адам (экипаж) көз жұмған. Аталған авиациялық апат бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде