{metadescription}
Шатасып басқа партияға дауыс берген жігіт саусағын кесіп тастады

Шатасып басқа партияға дауыс берген жігіт саусағын кесіп тастады

Үндістан тұрғыны өз саусағын кесіп тастады.

Оған сайлауда шатасып басқа партияға дауыс бергені себеп болған. Буландшахр қаласында 18 сәуір күні 25 жастағы жігіт Паван Кумар бюллетень белгісін шатастырып алғандықтан, басқа партияға дауыс береді. Ол Үндістанның ұлттық партиясына дауыс берген.Өз қатесін білген соң өз саусағын өзі кесіп тастады. 

"Мен пілге дауыс бермек едім, бірақ гүлге беріппін", - дейді ол. 

Піл, гүл деп отырғаны партия белгілері. Үндістанда сауаттылық төмен болғандықтан сайлау кезінде осындай белгілер қолданылады. Гүлдер - Үндістан ұлттық партиясы. Оның басшылығы ұлттық-консерватизмді қолдайды. 

Сонымен қатар тұрғындар сайлауға дауыс беру үшін саусағына арнайы сия жағады. Айта кетейік, елде жалпыхалықтық сайлау болып жатыр. Сайлау қорытындысы 23 мамырға дейін шығады. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде