{metadescription}
Министр Алматыда плакат үшін ұсталғандар жайлы пікір білдірді

Министр Алматыда плакат үшін ұсталғандар жайлы пікір білдірді

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 сәуірде Алматыда сайлауға байланысты акция өткізіп, ұсталған азаматтардың ісіне байланысты пікірін білдірді.

Үкіметте ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы марафон кезінде орыс тілінде "Шындықтан қаша алмайсың" деген жазуы бар плакат жайғаны үшін ұсталған жастар – Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбаевқа қатысты сұраққа жауап берді.

"Кеше Алматы қаласында үлкен марафон өтті, оған 17 мың азамат қатысты. Трассаның бойында Толымбаев пен Тулесова деген екі азамат плакат жайды. Сол әрекетімен митинг, шеру және демонстрациялар өткізу туралы заңды бұзды, оның үстіне, плакатты көрген адамдар тоқтап, фото-видео түсіре бастаған, осылайша марафонның өтуіне кедергі жасалды", - деді ол.

Тұрғымбаев жастардың плакатындағы жазуда алдағы президенттік сайлауды меңзейтін ешқандай ұран болған жоқ деп қадап айтты.

"Бұл заң бұзушылық. Олар спорттық шараны өткізуге кедергі жасады. Сол үшін ұсталып, сотқа жеткізілді, әкімшілік кодекстің 488 бабына сәйкес әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімімен 15 тәулікке қамалды", – деді Тұрғымбаев.

Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстаған болатын. 

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде