{metadescription}
Шри-Ланкада қаза тапқандардың саны 262 адамға жетті

Шри-Ланкада қаза тапқандардың саны 262 адамға жетті

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 262 адамға, ал зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті.

Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын. 

Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады. Соңғы дерек бойынша, жексенбі, 21 сәуірде Шри-Ланканың түрлі аумағында сегіз жарылыс болған. Оның төртеуі - қонақ үйде, үшеуі - шіркеуде болды. Тағы бір жарылыс туралы әзірге дерек жоқ.

Жарылыстың басым бөлігі - Коломбо қаласында болған. Ел астанасының солтүстігіне қарай орналасқан Негомбо және шығыс жағалаудағы Баттикалоа қаласындағы шіркеулер де бүлінген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде