{metadescription}
Алматыда 5 айлық бала сырғаны жұтып қойды

Алматыда 5 айлық бала сырғаны жұтып қойды

Алматылық дәрігерлер 5 айлық баланы құтқарып қалды.

Бала 20 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Рентген түсірілімінде баланың асқазанына әлдебір зат байқалды. Оның сырға екені белгілі болды. 

Дәрігерлер эндоскопиялық жолмен баланың асқазанынан сырғаны алды. Қазір баланың жағдайы жақсы. Тыныс алып жатыр. Дер кезінде келген көмектің нәтижесінде баланы аман алып қалды. Баланың асқазаны жараланып, қанап үлгерген жоқ, деп жазады stan.kz.

«Кішкентай заттарды, тиындар, мен түйме, түйреуіш, зергерлік бұйымдарды балалардың көзіне көрсетпеңіз. 5 жасына дейін балалар осындай затты жұтып қояды», - деді қаланың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде