{metadescription}
Президент сайлауы: кандидаттар қандай әдеби шығармалар бойынша емтихан тапсырады?

Президент сайлауы: кандидаттар қандай әдеби шығармалар бойынша емтихан тапсырады?

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына түсетін кандидаттардың қандай шығармалар бойынша емтихан тапсыратынын айтты

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстанның президент сайлауына түсетін кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның бірінші отырысы өтті.

Емтихан қандай әдеби шығармалардан өтеді?

Отырыста президенттікке үміткерлер қандай кітаптар бойынша емтихан тапсыратыны белгілі болды. Олардың ішінде жазушы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы, сондай-ақ Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Ілияс Есенберлин, Сайын Мұратбеков пен Бауыржан Момышұлының шығармалары бар.

Әдеби шығармалар

Қазақстан Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес президент мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі шарт. Осы талапқа сәйкес сайлауға түсетін кандидат қазақ тілінде сауатты жазып, ойын еркін жеткізуі тиіс.

Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырғанда, президиенттікке үміткер берілген тақырып бойынша 2 беттік шығарма жазып, 3 беттік мәтінді оқып береді. Сонымен қатар кандидат комиссия алдында берілген тақырып бойынша 15 минут бойы мемлекеттік тілде сөйлейді.

Кезектен тыс президент сайлауы

2019 жылдың 9 сәуірінде Тоқаев халыққа үндеу жариялап, кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуірге дейін созылады. Кандидаттар 11 мамырға дейін тіркеледі. Әр кандидат қолдау ретінде 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Дереккөз: sputniknews.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде