{metadescription}
Алматыда жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

Алматыда жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

Жүк көлігі түгі қалмай өртеніп, оның жүргізушісінің беті күйіп қалған.

Алматы қаласы ТЖД «101» пульт нөміріне қаланың Әуезов ауданында, Райымбек даңғылында орналасқан «KazMart-1» ЖШС аумағында тұрған ГАЗель автокөлігінің өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен.

«Жалын шарпыған аумақ 6 шаршы метрді құрап отыр. Өрт ауыздықталып, толықтай сөндірілді. ТЖ нәтижесінде 1970 жылы туған жүргізушінің беті күйіп қалған. Жедел жәрдем бригадасының тексерісінен соң оған ауруханаға барудың қажеті болмаған», - деп хбарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамның 9 маманы мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Дереккөз: Zakon.kz

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде