{metadescription}
Миллиардер Шри-Ланкадағы жарылыста үш ұлынан айырылды

Миллиардер Шри-Ланкадағы жарылыста үш ұлынан айырылды

Даниялық миллардер Андерс Холх Повлсен Шри-Ланкадағы жарылыста үш ұлынан бірдей айырылды. 

Поdлсен - Данияның ең бай азаматы. Ол Bestseller дүкен желісінің иесі. Ірі акционер. Британдық Asos интернет дүкендерінің иесі. Bestseller компаниясының өкілі бизнесменнің үш ұлы қаза болғанын растады. Бизнесменнің балалары пасхалық демалысқа келген екен. Балалардың аты-жөні аталмайды.

Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 262 адамға жетті. Зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті. 21 сәуірде Шри-Ланка аралының Коломбо, Негомбо және Баттикалоа қалаларындағы шіркеулерде жарылыс болды.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде