{metadescription}
Назарбаев Nur Otan сьезінде көзіне жас алды

Назарбаев Nur Otan сьезінде көзіне жас алды

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде қорытынды сөз сөйлегеннен кейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көзіне жас алды.

«Біздің мақсатымыз ел тұрғындаырының жағдайын жақсартып, қоғамды одан ары өркендету. Барлық елдермен салыстырғанда біз үлкен де, кіші де мемлекет емеспіз. Мынау кеңістіктегі жағдайымыз қиын да, оңай да екі жағдай да бар. Осындай заманда артта қалмау үшін, басқа елдің шаңын жұтпау үшін, бірлік керек. Бірақ біздің жағдайымызда керауыздарға сөз беріп қойсақ, елдіктен айрыламыз, тәуелсіздіктен жұрдай боламыз», –  деді Елбасы.

Елбасы съезд аяқталып, Бекболат Тілеуханның "Елім менің" әні орындалған сәтте көз жасына ерік берді. Көзіне жас алған Назарбаев баршаға зор денсаулық пен елімізге өркендеу тілеп, ол үшін аянбай еңбек ету керек екенін айтты. 

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде  елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын айтқан болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде