{metadescription}
Назарбаев президенттіктен кетуге дайындалғанын ашық айтты

Назарбаев президенттіктен кетуге дайындалғанын ашық айтты

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатуға қалай дайындалғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кету туралы бірнеше жылдан бері ойланып жүргенін айтты.

«Мұндай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Серіктестерімнің кадрларына зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіреуіне сенім арттым. Ақыр соңында осы дұрыс деген қорытындыға келдім. Мен осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен - бақытты адаммын, бақытты саясаткермін», - деді Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде.

Тұңғыш президент ел басқаруға қалай келгенін де еске алды. Маусымда Назарбаевтың Қазақстан компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметіне кіріскеніне 30 жыл толады. Бұл көшбасшылық позиция болатын.

Айта кетейік, бүгін Елбасы «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қорытынды сөз сөйлегеннен кейін көзіне жас алды.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде