{metadescription}
Қыздарға бұдан былай 17 жастан күйеуге шығуға рұқсат етілмейді

Қыздарға бұдан былай 17 жастан күйеуге шығуға рұқсат етілмейді

Өзбекстанда қыздардың тұрмысқа шығу жасы ұлғаяды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев балалардың құқығын қорғауды күшейту шаралары туралы жарлыққа қол қойды.

«Құжаттың бір тармағына сәйкес қыздардың некелесу жасы ұлғайтылды, яғни бұрын тұрмыс құру жасы 17 болса, қазір – 18», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, түзетулер 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Бүгінде республика заңына сәйкес, некелесу жасы ерлерге - 18 жас, әйелдерге - 17 жас. Былтыр қараша айында Өзбекстанның әйелдер комитетінің төрайымы Мукаррам Нурматова елде некелесу жасының өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде