{metadescription}
Ыстық клизма әсерінен күйік шалған сәби емханадан шығарылды

Ыстық клизма әсерінен күйік шалған сәби емханадан шығарылды

Алматыдағы педиатрия орталығынан ыстық клизма әсерінен күйген бала шығарылды.

Бұл туралы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан Шымкентте күйік шалған сәби емделіп шықты. Сәбиді 22 сәуір күні шығарды. Баланың жағдайы жақсы, күйік жаралары толығымен жазылды. Бала 19 күн бойы емделді, қазір белсенді, температурасы жоқ, тәбеті жақсы. Біз оның дені сау болып өсіп, ата-анасын көз қуанышы болуын тілейміз», - дейді дәрігерлер. 

Еске сала кетейік, Шымкент ауруханаларының бірінде медбике 10 айлық нәрестеге клизманы ыстық сумен жасаған. Салдарынан бала күйік жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде