{metadescription}
Қазақстандық велошабандоздар бір күнде 3 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар бір күнде 3 алтын медаль жеңіп алды

Ташкентте велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін Қазақстан командасы үшінші алтынын жеңіп алды. 

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Евгений Федоровқа тең келер ешкім болмады. Естеріңізде болса, Евгений Федоров 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған еді.

Жас спортшы өзінің құрлықта да теңдессіз  екенін дәлілдеді. Айта кетелік, бүгін жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Максим Попугаев пен Ульяна Сухоребрик Азия чемпионы атанған.

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде