{metadescription}
Санчес: «Головкин жақсылықты білмейді»

Санчес: «Головкин жақсылықты білмейді»

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес боксшы мансабына қатысты кейбір деректерді жайып салды.

Геннадий Головкин бапкер Абель Санчеспен бұдан былай жұмыс істемейтінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған америкалық бапкер бұл ақпаратты растады. Санчестің айтуынша, Головкин оның қызмет ақысының көлемін қайта қарауға шешім қабылдаған. Ал бапкер жаңа ұсыныс менің намысыма тиді әрі тиімсіз деп отыр.

«Жақсылықты білмейді. Ол жуырда ғана DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасты. Бұдан кейін ақша жетпейтіндігін алға тартып, түбегейлі шараға баруға мәжбүр екендігіңізді айтуға бола ма? Осының бәрі ақша үшін. Мен олардың бұл қорлығына шыдай алмас едім. Бұл ызаңды келтіреді. Себебі бұл жігіт мұндай қадамға баратынын ешқашан ойлаған емеспін. Оны ұяты бар, адал, тәрбиелі деп ойлайтынмын. Бұл оны осыншама өзгертетінін ойламаппын. Мен ызаға булығып отырмын», - деді Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.