{metadescription}
Атырауда адам ұрлаған 3 салафит ұсталды

Атырауда адам ұрлаған 3 салафит ұсталды

Әлеуметтік желіде ҰҚКД арнайы жасағының қызметкерлері Атыраудағы авангардтағы бес қабатты тұрғын үйдің ауласында үш ер адамды шалшық суға жатқызып қойып, оларды ұстап жатқан сәт бейнеленген видео таралды.

Жергілікті полиция олардың теріс діни ағым өкілдері екенін және адам ұрлап, ақша бопсалағаны жөнінде күдік бар екенін xабарлайды. 

«1990, 1991 жылғы үш азамат 16 сәуірде өзбекстандық азаматты үйінен ұрлап алып, соққыға жыққан. Сөйтіп, одан 300 мың теңге бопсалаған. Бұған дейін де осындай жолмен 100 мың теңге алынған. Күдіктілер қолға түскен кезде олардан ақша мен басқа да айғақтаушы заттар, сондай-ақ, пышақ пен «Лада Ларгус» көлігінің кілті табылды», - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы. 

Адам ұрлау және ақша бопсалау деректері бойынша ұсталған үш адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс материалдары Полиция департаментіне тапсырылды. 19 сәуір күні Атыраудың мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді терегеу изоляторына екі айға қамауға алу бойынша санкция шығарған. Олар істеген қылмыстарын мойындап отыр.

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде