{metadescription}
Полицей көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Полицей көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

32 жастағы үш баланың анасы Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетпек болған.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаментінің ВКонтакте парақшасына сілтеме жасап.

«24 сәуірде сағат 17.42 шамасында «Рубеж» бақылау пунктінің кезекшісіне кіші лейтенант полицейі Ербол Айғожинге жүргізушілердің бірі, белгісіз әйелдің көпір ортасында жылап тұрғанын жеткізген. Автокөлікке жедел отырған полицей көрсетілген жерге жетіп, әйелдің көпірдің шетінде тұрып секіруге даяр тұрғанын көреді. Шалт қимылының арқасында, Ербол артынан жүгіріп келіп, әйелді қауіпсіз жерге тартып үлгерді», - делінген хабарламада.

Павлодарлық келіншектің сол күні жұбайымен ренжісіп, өзіне қол жұмсағысы келгені анықталды. Қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс жүргізуде.

«Ербол осы жылы екінші адамды құтқарып отыр. Осы жылдың 2 қаңтарында ол көпірден секірмек болған тағы бір әйелді құтқарып алған», - деп хабарлайды Полиция департаментінен.

Павлодар облыстық полиция департаментінің патрульдік полициясының рота қызметінің инспекторы, кіші лейтенант Ербол Айғожин ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде