{metadescription}
Ақтауда бір жарым жасар сәбидің өңешінен 10 теңге алынды

Ақтауда бір жарым жасар сәбидің өңешінен 10 теңге алынды

Дәрігер ешбір отасыз бір жарым жасар баланың өңешінен он тиынды алды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған. Оқиға 22 сәуір күні болған. Бір жарым жасар сәби жөтеліп, тыныс алуының ауырлауына байланысты облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.

Кезекші дәрігер рентгенге түсіргеннен кейін баланың өңешінен бөгде затты байқаған. Дәрігер Насухан Отарғазиев «Фолея Катетерін»  пайдаланып, ешбір отасыз баланың өңешінен он теңгелік тиынды алып шыққан. Қазіргі таңда бүлдіршін өзін жақсы сезінуде.

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні алматылық дәрігерлер бес айлық сәбидің өңешінен сырға алып шыққан болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде