{metadescription}
«SportFEST Kazakhstan» Республикалық бірегей жоба Қазақстанның 13 өңірін қамтыды

«SportFEST Kazakhstan» Республикалық бірегей жоба Қазақстанның 13 өңірін қамтыды

Қазақстанда бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасы жалғасуда.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры АҚ «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан ЖҚ «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар Қоры» бірлесіп, жастар арасындағы жарыстар екінші жыл өткізіліп, бүкіл елді қамтиды. Осы жылы спартакиадаға 2003-2005 жылы туған балалар қатысады.

«SportFEST Kazakhstan» жобасы басталғаннан бері өңірлерде бес мыңнан астам оқушы қатысты! Оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыстың іріктеу турлары Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында өтті. Жақында жарыс Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында аяқталды. Онда ең Спорттық атағы үшін 1083 бала жарысты.

- Үстел теннисі маған өте ұнайды, Мен бұл спортпен екінші жыл айналысамын. Жамбыл облысында «SportFEST Kazakhstan» жарысында тоғыз аудан бақ сынасты. Мен Рысқұлов ауданынан келдім. Конкурста жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Енді маусым айында Қазақстанның барлық мектеп оқушыларымен «Балдәуренге» барамын. Ұйымдастырушыларға осындай қызықты іс-шаралар үшін алғыс айтқым келеді, деді Абзал Ибрат, Жамбыл облысындағы «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының қатысушысы.

Жасөспірімдер арасындағы футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол және ұлттық тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарыстардың нәтижелері бойынша әр өңірден ең үздіктері анықталды. Олар сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын үшін: спорттық роликтер, екінші орын: бренді рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын: скейтборт, сондай-ақ олар 2019 жылдың жазында Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтардағы чемпиондардың аттарымен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz

Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» республиканың үздік спортшыларын іздестіруді жалғастыруда. Алда еліміздің тағы төрт өңірі бар. Еске салайық, «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен тұрады.

Алдымен аймақтық жарыстар өтеді. Олар Барлық облыстар мен қалалардың аумағында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар арасында өткізіледі. II кезеңге облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.

Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі. Қостанай облысында- бұл Қостанай ауданының Абай негізгі мектебі, Өскемен қаласында-Үржар ауданының Абай атындағы мектебі және Өскемен қаласының № 5 орта мектебі. Ал Жамбыл облысында спорттық құрал - жабдықтарды Жуалы ауданының Д. Қонаев №19 мектеп алды.

- Біздің мектеп атынан спартакиаданы ұйымдастырушыларға осындай жомарт сыйлықтар үшін үлкен алғысымды білдіремін. Біздің мектеп теннис үстелі, шахмат тақталары, шахмат сағаттары, футбол доптары сияқты спорттық құрал-жабдықтарды қажет етті. Енді оқушылар спортпен одан әрі шұғылданатын болады деп үміттенемін, - деп атап өтті Тұрсынғазы Тұрдыбаев, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Абай атындағы мектеп директоры.

«SportFEST Kazakhstan» - бұл жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған бірегей жоба.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде