{metadescription}
Су басу қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Су басу қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин еліміздің қай өңірінде су тасқыны болуы мүмкін екендігін айтты.

«2019 жылдың 25 сәуіріндегі мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенініндегі жағдайға назар аударылып отыр. Қазіргі таңда жағдай Ақмола облысы аумағындағы Есіл өзенінің Колутон, Жабай өзендеріне келіп құйылуына байланысты Сергеевский су қоймасында шамамен 1 метр 32 см құрайтын судың көтерілуінің екінші толқынын күтіп отырмыз», - деп айтты вице-министр баспасөз мәслихатында.  

Ильин Петропавл аумағындағы су басу қаупі бақылауда екенін, мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автомобиль жолының үстінен су өтуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу  енгзіліген. Сондай-ақ, ол Павлодар облысы арқылы өтетін Ертіс өзеніне қатысты ахуалмен бөлісті.  Вице-министрдің айтуынша, өзен бойындағы 9 елді мекен төтенше жағдайлар қызметінің жіті бақылауына алынған.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде