{metadescription}
Ер адам 30 жылда 145 диплом алған

Ер адам 30 жылда 145 диплом алған

Үндістанда тұратын профессор Партибан соңғы 30 жылда 145 диплом алған.

Партибан көптеген саланы меңгерген. Соның нәтижесінде профессор Ченнаидің әртүрлі колледждерінде 100-ден астам пәннен студенттерге дәріс оқиды. Ол құқық, коммерция, өнер, бизнесті басқару және тағы басқа салалар бойынша магистр дәрежесін алған.

50 жастағы профессор үнемі жаңа нәрсені меңгеріп, білуге құмартып тұратынын айтады. Партибан ең бірінші дипломын алған кезде, сабақ үлгерімі жақсы болмаған. Артынша жақсы дайындықпен университетке қабылданып, екінші дипломын алған. Содан кейін үшінші. Осылайша дипломдар саны 145-ке жеткен.

Алайда мұның теріс жағы да бар екен. Партибан адамдардың түрін және жолды жаттай алмайды. Ол күнде бір бағыт бойынша жүрсе де, ұмытып қалады. Сондай-ақ, түрлі колледжде 100-ден аса  пәннен сабақ беру де оңайға соқпайды. Кейде профессор аудиторияға барып, нені үйретуі керек екенін есіне түсіре алмайтын көрінеді. 

Соңғы отыз жылда үнемі емтиханға дайындалып, жаңа диплом алу үшін уақытын оқумен өткізеді. Әрбір жексенбі күні емтихан немесе ғылыми жұмыс жазумен айналысады екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде