{metadescription}
Шымкентте 9-сынып оқушысы 50 теңге үшін таяқ жеген

Шымкентте 9-сынып оқушысы 50 теңге үшін таяқ жеген

Шымкентте мектеп оқушысы 50 теңге үшін соққыға жығылған. 

Оқиға қаладағы №77 мектепте үзіліс кезінде орын алған. 9-сынып оқушысы үзіліс уақытында параллель сыныпта оқитын оқушымен төбелесіп, соққының астына алыпты. Оларға мұғалімдері араша түсіп, ажыратып алыпты.
Жәбірленген оқушының сөзінше, төбелеске 50 теңге себеп болған. 

«23 сәуір күні 4-ші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде келіп, 50 теңге сұрады, мен бермейтінімді айттым. Оның алдында да 20 теңге беріп жүргенмін. «Бірдеңеге жетпей жүрген шығар», - деп ойладым. Кейде менде де болады жетпеушілік, сол үшін бергенмін. Одан кейін 50 теңге сұрады. «Өзіме керек, бере алмаймын», - дедім. Ол шешемнен боқтады. Одан шешеден боқтамауын сұрадым. Ол сонда да боқтап кетті. 2-3 минуттан кейін қайтадан келіп, мені дәретханаға шақырды. Бармайтынымды айтып едім, сол жерде ұрды», - дейді жәбірленген оқушы. 

Оқиғадан кейін екі оқушының ата-анасы мектепке шақыртылған. Соққыға жығылған баланың анасының сөзінше, сол күні мектепке үлкен ұлы барған. Алайда төбелесті бастаған баланың әкесі ашуланып, оны төбелесуге шақырған.

«Үйде немереме қарап отырғанмын. Басқша ешкім жоқ еді. Мектепке баламды жібердім. Ол барса, сол баланың ата-анасы келіп отыр екен. Әкесі ашуланып: «Жүр, бірге-бір шығамыз, төбелесеміз», - депті балама. Балам оның жас үлкен кісі екенін, сондықтан төбелеспейтінін айтыпты. Ал анасы: «Өзіңнің балаңның бәлесі бар. Әйтпесе не үшін ұрады?» - деген. Соңында баламнан кешіріп сұрап кетіпті», - дейді жәбірленген баланың анасы.

Әйелдің сөзінше, дәрігерлер баласына мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің жарақаттануы диагноздарын қойған. 

«Ауруханаға жатуы керек екенін айтты. Алайда қазір ауруханаға қатынайтын жағдай жоқ, немереме қараймын. Сынып жетекшісі хабарласып, сол баланың ата-анасының келген-келмегенін сұрады. «Жоқ! Әке-шешесі келген де жоқ, кешірім де сұраған жоқ», - дедім. Кеше ол баланың әкесіне хабарласып, баламның басын МРТ-ға түсіру керек екенін, құсып жатқанын айттым. Ол «мақұл, түсіремін» деді де, сол күйі келген жоқ», - дейді жәбірленген оқушының анасы.

Әзірге жауапты мекемелер оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Дереккөз: Ernur.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.