{metadescription}
Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары қызметіне Болат Дембаев келді.

Оның тағайындауы туралы құжатқа мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Бұрын Болат Дембаев Нұр-Сұлтан прокуроры болды. Елордалық прокуратураны 2017 жылдың ақпан айында басқарды. Сондай-ақ Дембаев Бас прокуратураның 10-шы департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.  Осыған дейін, Андрей Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылғаны жарияланды. 
 

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.