{metadescription}
Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды

Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды

Оңтүстік Африка Республикасының шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті.

Бұл туралы SABC News телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды. Бұдан бұрын 51 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Провинция басшысы Сихле Зикалала құрбандар саны 70-ке жеткенін растады. Тағы мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Провинцияда үйінділер сұрыпталып жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде. ОАР-дың шығысында қатты жауын-шашыннан жолдарды су басып, инфрақұрылымдар зақымдалды және үйлер қирады.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.