{metadescription}
СҚО-да дүкен мен қойма түгел өртеніп кетті

СҚО-да дүкен мен қойма түгел өртеніп кетті

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданында дүкен мен қойма өртеніп кетті.

«25 сәуір күні сағат 22:47-де Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Булаево ауылында құрылыс материалдарының қоймасына қосыла салынған «Близнецы» дүкенінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт дүкеннің 70 шаршы метр аумағын ала таралып, ақыры 430 шаршы метрлік құрылыс материалдары тұрған қойманы шарпыған», - делінген комитеттің хабарламасында.

Өрт осылайша жалпы 500 шаршы метрге жайылып, өрт сөндішулер тілсіз жаумен арпалысып жатқан уақытта 4 оттегі балоны жарылған.

«Өрт сөндіру қызметінің күшімен тілсіз жау түнгі сағат 02.22 кезінде ауыздықталды. Көз жұмғандар немесе жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі қазір анықталу үстінде. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 2 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.