{metadescription}
Жамбыл Ахметбеков президенттік сайлауға кандидат ретінде бекітілді

Жамбыл Ахметбеков президенттік сайлауға кандидат ретінде бекітілді

Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы кезектен тыс XІV съезінде 2019 жылдың 9 маусымында өтетін  президент сайлауына кандидат ретінде Жамбыл Ахметбековты бекітті.

Бүгін елордадағы «Park Inn» қонақ үйінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  кезектен тыс XIV Съезі өтіп жатыр. Бұл съездің мақсаты - 2019 жылдың 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына  ҚКХП атынан үміткер ұсыну болатын.

Съезге қатысушылар партия атынан Мәжіліс депутаты Жамбыл Аxметбековтің кандидатурасын қолдады. Ол бұған дейін бір мәрте сайлауға қатысқан. 2011 жылы 3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында 1,36 пайыз дауыс жинаған болатын. 

Жамбыл Әужанұлы - 1961 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған.

1983-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінде қызметте.

1992-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратында әр түрлі қызметте. 

2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Отбасылы, төрт баласы бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде