{metadescription}
Қазақстанда жаңа дизайндағы теңге монеталары шығарылды

Қазақстанда жаңа дизайндағы теңге монеталары шығарылды

Қазақстанның Ұлттық банкі дизайны өзгерген жаңа тиындарды шығарды.

1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік тиындар бүгіннен бастап қолданысқа берілмек. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 сәуірде тиындардың дизайнын мақұлдаған. 

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ ҚР Конституциялық заңына сәйкес, елтаңбаға өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып QAZAQSTAN деп орындалды», - делінеді хабарламада. 

Тиындар дизайнына бірқатар жаңашылдық енгізілген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН» сөзі латынша «QAZAQSTAN» болып өзгерген. Тиындардың артқы жағында «QAZAQSTAN» жазбасы бар елтаңба мен «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген сөз бар.

Тиынның бет жағында «TEŃGE» деген жазба мен банка-эмитенттің қысқаша «QUB» (Qazaqstan Ulttyq Banki) атауы жазылған деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Металлдың салмағы, диаметрі мен қоспасы өзгеріске ұшырамаған. 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 100 теңгелік айналымдағы тиындардың қырында JÚZ TEŃGE деген жазу бар. Сонымен қатар Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі айналымдағы тиындар заңды төлем құралы болып табылатынын және барлық төлем түрлері бойынша қабылдануға міндетті екенін атап өтті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде