{metadescription}
Қостанайда жазасын өтеуші колониядан қашып кетті

Қостанайда жазасын өтеуші колониядан қашып кетті

Қостанай облысында қоныс колониясынан қашып кеткен Арман Жұманов іздестірілуде.

«2019 жылғы 23 сәуірде кешке 1981 жылы туған жазасын өтеуші Арман Бахитұлы Жұманов УК-161/11 (қоныс-колониясы) қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жүрген кезде қашып кеткен. Ол осы мекемеде жұмысқа орналасқан, еркін жүріп-тұру құқығын пайдалана отырып, жұмыс орнын тастап, белгісіз бағытта бой тасалаған», - деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жазасын өтеушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде