{metadescription}
Қазақстандық боксшы Азияның вице-чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Азияның вице-чемпионы атанды

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Зәкір Сафиуллин Қазақстанға алғашқы күміс жүлде сыйлады.

60 келі салмақтағы ақтық сында қазақстандық Моңғолия боксшысы Цендбаатар Эрденебатпен жұдырықасып, төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Осылайша, Закир Сафиуллин 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Алда 75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Тұрсынбай Құлахметтің үндістандық Ашиш Кумармен, 81 келі салмақтағы Бек Нұрмағанбеттің  Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен жекпе-жегі өтеді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.  

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде