{metadescription}
Бокстан Азия чемпионатында қоржынға 2 алтын түсті

Бокстан Азия чемпионатында қоржынға 2 алтын түсті

Таиландта өтіп жатқан Азия Чемпионатында қазақстандық боксшыларымыз Тұрсынбай Құлахмет пен Бек Нұрмағанбет алтын медальға қол жеткізді.

75 килограмм салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы Үндістан Ашиш Кумарды жеңіп, Қазақстан қоржынына Азия Чемпионатындағы ең алғашқы алтынды алып келді.

Ал, 81 келі салмақтағы финалдық кездесуде отандасымыз Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинді жеңді. Осылайша, Бек Нұрмағанбет биылғы құрлықтық жарыста Азия чемпионы атанып, ұлттық құрама сапынан екінші болып алтын жүлде иеленді. Еске сала кетсек, 60 килограмм салмақта сынға түскен, Закир Сафиуллин күміс медаль еншілеген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.