{metadescription}
БҚО-да жол апатынан зардап шеккен оқушы көз жұмды

БҚО-да жол апатынан зардап шеккен оқушы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында мектеп оқушысы жасаған жол-көлік апатынан зардап шеккен қыз ауруханада көз жұмды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған 11-сынып оқушысы 25 сәуірде 16:14-те қайтыс болған.

Еске сала кетсек, оқиға 20 сәуір күні кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауылы маңында болды. Ауылдағы №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы «Лада Ларгус» автокөлігін айдап кетіп, сыныптастарымен қызғалдақ теруге барған. Қайтар жолда рульге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Көліктің ішінде болған 17 жастағы қыз аса ауыр жарақат алған еді.

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.