{metadescription}
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап, көз жұмды

Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап, көз жұмды

Құтқарушылар әйелдің сүйегін шығару үшін аппаратты 45 минут бойы бөлшектеген. 

Америкалық әйел Пенсильваниядағы зауытта өндірістік еттартқышқа құлап кетіп, көз жұмды. Ет комбинатының 35 жастағы қызметкері жұмыс істеп тұрған өндірістік еттартқышқа құлап, агрегаттың қозғалмалы бөліктерінде қаза болды. Зауыт қызметкерлерінің хабарлауынша, құтқарушылар әйелдің сүйегін шығару үшін аппаратты 45 минут бойы бөлшектегенін айтты.

Әйелдің қайтыс болғанын полиция растады. Лилинг округінің тергеушісі Чарльз Кисслингтің айтуынша, марқұм доңғалақты сатыны пайдаланған болуы мүмкін.

"Бұл орны толмас қасірет. Ол машинаның қозғалмалы бөліктерінде жан тапсырды. Мәйітті тауып алған қызметкермен сөйлестік. Ол аппараттан шыққан шуылды естіп, ерттартқыштағы әйелді көріп қалғанын айтты, содан кейін тоқты ажыратып, 911 нөміріне қоңырау шалған", - деді Кисслинг.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға ешкім куә болмаған. Трагедия 1900 жылдан бері жұмыс істейтін The Economy Locker Storage кәсіпорнында болған, компания ет өнімдерін өндіріп, сатумен айналысады.  

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде