{metadescription}
Олимпиада чемпионы тікелей эфирде талып қалды

Олимпиада чемпионы тікелей эфирде талып қалды

Телеарналардың біріне сұқбат беріп тұрған қыз өзін жайсыз сезініп, кенеттен талып қалды. 

Екі дүркін олимпиада чемпионы, волейболшы Жаклин Карвальо тікелей эфирде есінен танып құлады, деп хабарлайды AS басылымы. Басылымның мәліметіне сәйкес, оқиға волейболдан Суперлига финалындағы үзіліс кезінде болған.

Ғимаратта қапырық болғандықтан, спортшы өзін жайсыз сезініпті. Карвальо 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған болатын.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде