{metadescription}
ШҚО-да көпірден секірген әйелді полиция қызметкері құтқарып қалды

ШҚО-да көпірден секірген әйелді полиция қызметкері құтқарып қалды

ШҚО-да тәртіп сақшысы 60 жастағы әйел адамды Ертістен алып шықты.

Оқиға Семей қаласында болды. Көпірден суға секірген қала тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болған деген болжам бар. Әйел адамның Ертістегі ескі автомобиль көпірінен секіріп кеткені туралы хабар полицияға түсе салысымен патрульдік полицейлерге бірден ақпарат таратылады.

Көпірге жақын маңда кіші лейтенант Аслан Бегәділов болған. 1996 жылғы азамат жағалауға жете бере, суға секіріп, ағынды жеңіп, әйелді жағаға алып шыққан. 1959 жылғы әйел қазір реанимацияда жатыр, денсаулығына төнген қауіп жоқ.

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.