{metadescription}
Қарызға белшесінен батқан студент қыз пәктігін саудаға салды

Қарызға белшесінен батқан студент қыз пәктігін саудаға салды

22 жастағы студент ойы іске асқан жағдайда анасы мен сіңлісіне бар керегін сатып әперіп, қалған сомаға тиімді бизнес бастамақ.

Бразилиялық 22 жастағы студент қыз Даниэль Брин пәктігін аукционда 1 миллион долларға сатпақшы. Бойжеткен жап-жас болса да, қарызға белшесінен батқан көрінеді. Отбасы жұпыны тұрғандықтан, өз күшімен төлемесе болмайды. Оқуынан қалмау үшін жарты күн ғана істейтін жұмысқа да тұрыпты.

Бірақ бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған. Сөйтіп, ол пәктігін аукционда 1 миллион долларға сатуға бел буады. Даниэль ешқашан жігітпен кездесіп көрмепті, сондықтан өзі қатты ұялады. Пәктігін сатып алғысы келетін жақсы бір адам кезігеді деп үміттенеді.

«Қалай болар екен деп уайымдап жүрмін. Сатып алатын адам сыпайы кісі болсыншы деп үміттенемін. Қатты қорқсам да, басқа амалым жоқ. Қарыздан құтылып, отбасыма пәтер алып бергім келеді», - дейді бойжеткен.

22 жастағы студент анасы мен сіңлісіне бар керегін сатып әперіп, қалған сомаға тиімді бизнес бастамақ. Сөйтіп, өз күнін өзі көргісі келеді. Алғашқы кездесуге қыз оққағармен бірге бармақшы. Ол бұл шешімі туралы жақын құрбысына ғана айтыпты. Егер ұтымды ұсыныс түсіп жатса, анасына да түсіндіріп айтқысы келеді.

Дереккөз: sputniknews.kz
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде